Sienna Oliver
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Sienna Oliver, Health/Beauty, 51. 507351, Milton Keynes.
22/12/2022
Әйелдерге әр беретін
ҮШ СУСЫН
Гормондық тепе-теңдіктің қалыпты болуы әр адам үшін ерекше маңызды. Осы ретте әйелдерге көмегі көп, әр беретін, әрі гормондық ауытқулардан сақтайтын сусын түрлерін ұсмынбақпыз.
Лимон қосылған су. Қайнаған, сәл ыстықтау суға лимон (төрттен бір бөлігін) шырынын қосып ішу ағзаны токсиндерден тазарту арқылы артық салмақты кетіреді, иммунитeтті көтереді, ас қорыту мен тері түсі ды жақсарады. Бұл сусынның құпиясы мынада: лимон қышқылы тоқтық гормоны – лептинге оңды әсер етеді. Оны белсендіру арқылы ағзада артық май жиналуынан сақтайды. Сусынды таңертең ашқарынға ішеді.
Таңқурай жапырағының шайы. Бұл әйел ағзасы үшін өте керек сусын. Ол жатыры суықтаған, түсік тастауға бейім, әлсіздік, қан аздық, ашуланшақтық мазалайтын, климакс ауыр өтіп жатқан, менструалдық цикл бұзылған қыз-келіншектер үшін таптырмас табиғи дәрмек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Таңертең кофе орнына ішсе күні бойы сергек жүруге септігі тиеді. Оны күніне 3-4 рет ішуге болады. Тек ұйқы алдында ішпеген жөн. Әзірлеу қиын емес: кептірілген таңқурай жапырағының 1 шай қасығын 1 стакан қайнаған суға салып, 10 минут тұндырса, шипалы шай дайын.
Сүт пен куркума. Сұлулық пен нәзіктікті сүйетін үнді халқының сүйікті сусыны, аюрведадағы әйел денсаулығы үшін аса маңызды саналатын қоспа. Ол әйел гормонының қалыпты болуына атсалысады, иммунитетті нығайтады, ас қорытуды жақсартады, суықтауға қарсы әсері бар. Әзірлеу түк те қиын емес, жаңа піскен ыстық сүтке жарты шас қасық куркума мен қалауыңызша бал қосып ішу керек. Мұны мейлінше ұйқы алдында ішкен дұрыс.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
#денсаулық #здоровье #рецепт
#халықемі #анемия #целитель
#емші #дауа #гипертония
#шипа #лечение #пайдалы
22/12/2022
Our Biotune 🔥
#варикоз #варикознаяболезнь #варикозноерасширениевен
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Milton Keynes
0.127695