nurgul__imanbaeva

nurgul__imanbaeva

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from nurgul__imanbaeva, Health/Beauty, Атырау, Atyrau.

Photos from nurgul__imanbaeva's post 08/02/2024
Photos from nurgul__imanbaeva's post 26/04/2023

Өмір сұрланбау керек. Бір сарын болмасын. Күнің тынымсыз болғанмен өмірің өзгермейді.

Таң атса, кеш батып, кеш батса таң атып жатады. Қуанышты сезінесің бе? Соңғы рет шат-шадыман қашан болдың? Кәдімгідей, баладай. Таңғажайыпты сезіп қашан қуандың?

Қанаттанып, кеудең жарылардай, өксік тығылып қуандың ба? Солай қуану керек. Көзге жас алып, кету керек ұшып басқа әлемге. Быт-шытын шығар уайымдардың. Дым бермейді олар. Құрып кетсін! :)

Құштарлыққа ұмтыл. Қорықпа. Ғашық бол. Қиялда. Мейлі, өкін. Мейлі сағын. Таусыл. Бәрі бір. Бастысы сезімдер семіп қалмасын.
Тоқтама. Тоқтама…

Өзгеруден қысылма. Өзгер. Айналаңа зер сал. Қауіптен тайсалма. Қадымда. Алға қарай баса бер. Өзгелердің сынына жалтақтама. Маңыздысы олардың ойы емес. Сенің бақытың, қазіргі арманың маңызды.

Кеше осындай едің, бүгін осындай болыпсың дегеннен қашпа. Тек жақсылыққа ұмтыл. Жақсарған сайын, жадырай бересің. Қараңғылық үңгірге ғана жарасады. Адамға емес. Шырағыңды ізде.

Сенің шырағың иманың, адалдық, жүректегі жылулық, мейірімің.

Мәссаған, кетсең ғой шіркін осындайда саяхаттап. Ешкімге қарамай. Бірдеңені өзгерту керек. Парашюттен секіріп кетсең ғой…
Бақыт қиындықтардың тасасында жасырынған. Тәтті, өзгеше өмір солардан кейін басталады. Жеңіл жол саған өмірдің рахатын сыйлай алмайды.

Құламаған адам, жеңістің дәмін білмейді. Өмірдің қатерін тану керек. Оны танымасаң, рахаттанып қуанбайсың. Қырағы бол. Адасқандар бірін-бірі табу керек. Жақындай түс. Сезін. Алыстама. Ниетіңе сай керегіңді аласың. Арам болма. Сараң болма. Бөліс.

Суық болма. Жылу сыйла. Батыл қадамдар жаса. Қорыққаннан ұялма. Оны жеңе біл. Қорықпайтын батыр емес, қорқынышын жеңгендерді батыр дейді.

Сен өзгешесің, сенің армандарың бар. Олардың үмітін өшірме. Арманда. ӨЗГЕР! 🚀

05/12/2022

Жалпы БИОДРОНМЕН ЕМДЕЛДІМ деп көп адам хабарласып жатады.

КОМПАНИЯНЫҢ ХИТ ӨНІМІН САТУШЫЛАР КӨП !
СЕБЕБІ шыныменде ПАНДЕМИЯ кезінде көп адамды аяққа тұрғызған БҰЛ ӨНІМ ☝️☝️☝️

Егерде алмасаңыз, міндетті түрде алыңыз. ОТБАСЫҢЫЗ БЕН БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ әртүрлі вирустан қорғаңыз. Бұл сіздің міндетіңіз ❗❗❗

Ал енді Биодрон деген қандай өнім деушілерге қысқаша ақпарат берекетейін👇👇👇

"BioDrone" - Гумин және фульвалық қышқылдардың кешені.
Ешқашан естімеген сіз бе?
Бұл өмірдегі оттегі мен Судан кейінгі үшінші маңызды өнім болып табылады.

Бұл қышқылдар өмірдің барлық процестеріне қатысады және биологиялық белсенді заттарды өткізгіштері ретінде жұмыс істейді, қажетті заттарды біздің жасушаларымызға - дрон сияқты тікелей жеткізеді . Демек, біздің тұтынып жүрген "Бад" өнімдеріміздің ағзамызға сіңіп, тез нәтиже беруіне ықпал ететін өнім !

"BioDrone" - қандай жағдайда қажет:

⭐ Ауырып жүрген кезде, иммунитетіңіз нашар кезде керек.
⭐ Сіз көп жұмыс істеп шаршаған кезде керек.
⭐ Дұрыс тамақтанбаған кезде керек
⭐ Жиі ауырып қалғанда, тез ашуланатын кезде керек
⭐ Үнемі жолда, ұшу , рөлде болсаңыз.
⭐ "BioDrone" организмдегі негізгі процестерді қалпына келтіреді.

Жалпы BioDrone -ның дәмі,иісі жоқ өнім. 1 манадозаны 1 стақан немесе жарты стақан суға езіп ішесіз.

ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ МЕН ТӘН СҰЛУЛЫҒЫН ОЙЛАЙТЫН АДАМДАР ҮШІН , ТАПТЫРМАС ӨНІМ !!!

🛑 Бағасы не бәрі 12450тг 28 күнге жетеді. Оны 1 күнге шаққанда 450тг шығады.

🙅🙅🙅Оның қасында энергетикалық сусындарды алып ішіп жүрген жандар аз емес денсаулыққа зиян екенін көре тұра тұтынуын тоқтатар емес.

Менің айтарым ☝️ Алланың берген аманатына қиянат жасамай Денсаулықтарыңызды күтіп жүріңіздер.

#биодрон
#стуктураРозы

13/10/2022

Сенің басыңдағы тосқауылдар...

Өкпе-ренішті қалай ұмытуға болады? Өкінішке қарай, әйелдер қауымы өкпе-ренішпен өмір сүреді деген көзқарас бар. Шынында, еркектер де ескі өкпе -ренішін, ашу-ызасын ұмытпай, "кім не айтты?" деп өткенді қозғап, көп уақытын жоғалтады.

Егер сен өміріңде орын алған жаңашылдық пен өзгерістерге бой үйрете алмасаң, демек, сен, дұрыс өмір сүріп жатқан жоқсың.

Өмір – өзгереді, ал уақыт бір орында тұрмайды! Айналаң үнемі өзгеріп жатқанда сен ғана бір орында тұрсың. Ал бір орында тұру, еш өзгермеу сені құрдымға жібереді.

Сенің басты кемшігің неде екенін білесің бе?

Ол өз кемшіліктеріңді мойындамау, бәріне көз жұма қарау...

Айталық сен семізсің, жалқаусың, сені ештеңе қызықтырмайды. Өзіңді жігерсіз ұстайсың. Бұл сенің бойыңдағы жақсы қасиеттер емес екенін және олар сені жарқыратып көрсетпейтінін түсін.

Сол себепті, уақытында өзіңді қамшылай біл!

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Atyrau?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address

Атырау
Atyrau