gaziza.omarova

gaziza.omarova

Share

Психолог город Тараз

26/08/2026

Кейде өмірде тығырыққа тірелгендей боласың.
Не істеріңді білмейсің.

Ақша жағынан қысым, қарым-қатынаста қиындық, денсаулық, жұмыс, ішкі қорқыныш…

Бәрі бір уақытта келіп, «енді қайда барамын?» деген күйге түсесің.

Дәл осындай кезде көп адам қорқып, кейін шегінеді.
Бастауға шешім қабылдайды да, ертеңіне қайтадан өзіне күмәнданып бастайды.
Өз сөзіне өзі сенбей тұрады.

Бірақ өміріңді өзгерту үшін бәрін бірден шешудің қажеті жоқ.

Саған бір ғана «Мен жасаймын» деген шешім керек ☝🏻

Бірақ сол шешіміңе адал бол 💯.
Бұл шешіміңді ұстанымға айналдыр.

Үлкен қадам жасай алмасаң — кішкентай қадам жаса.
Бірақ тоқтама ✅

Өйткені қорқынышпен, ішкі блоктармен, күйзеліс пен жиналған ауыр энергиямен жүрген адамға шешім қабылдаудың өзі қиын болады.
Ішіңдегі ауырлық әрекет етуге жібермейді.

Сондықтан сыртқы өміріңді өзгертуден бұрын, ішкі күйіңді реттеу керексің.

Прана терапиясы — бойдағы жиналған ауыр энергияны, ішкі қысымды, эмоционалдық блоктарды тазартуға бағытталған жұмыс. Ішің жеңілдеген сайын ойың анықталып, қорқыныштың орнына әрекет етуге күш пайда бола бастайды.

Бәлкім, саған қазір керегі — тағы да күту емес.
Өзіңе: «Мен бастаймын» деп уәде беріп, сол уәдеңде тұру шығар.

Ойланып көр �

25/08/2026

БІЗ ҚАЗІР ӨЗ ӨМІРІМІЗДІ СҮРІП ЖҮРГЕН ЖОҚПЫЗ. БІЗ ОНЫ ҮНЕМІ САЛЫСТЫРЫП ЖҮРМІЗ.

Таңертең Instagram ашасың — біреу жаңа үй алған.
Біреу шетелде жүр.
Біреу бизнес ашқан.
Біреу арықтаған.
Біреу тұрмысқа шыққан.
Біреу баласын оқытып жатыр.
Біреу күнде өзін дамытып жүр.

Сен өз өміріңе қарайсың да:
«Мен ше?»

Ең қызығы — кеше ғана өзіңе жақсы болып тұрған өмірің бүгін біреудің сторисінен кейін жеткіліксіз болып қалады.

Сенің жаман өмірің жоқ.
Сен өзіңнің шынайы өміріңді біреудің көрсетіп отырған өмірімен салыстырып отырсың.

Біреудің нәтижесін көресің, бірақ оның жолын көрмейсің.

Біреудің бүгінін көресің, бірақ кешегісіне үңілмейсің.

Содан адамда біртүрлі сезім пайда болады:
«Мен кешігіп жүрмін.»
«Мен ештеңеге жетпедім.»
«Менің өмірім дұрыс емес.»

Ал осы сезім адамның психикасын біртіндеп ауырлата бастайды: өзіне қанағат азаяды, мазасыздық көбейеді, бар нәрсесінің қадірін сезіну қиындайды.

Психолог ретінде менің ұсынысым қарапайым:

Өзіңді біреумен емес, кешегі өзіңмен салыстыр: бұрын қандай едің, бүгін қандайсың — сенің шынайы өсуің сол жерде

Есіңде болсын ☝🏻
Сенің өміріңнің құнын басқаның өмірі анықтамайды.

Кейде бізге жаңа өмір емес,
өз өмірімізге қайта оралу маңыздырақ.

ПСИХОЛОГ | ГЕШТАЛЬТ ТЕРАПЕВТ | БИОЭНЕРГЕТИКА ПРАНА пара�

24/08/2026

Сенен әлсіздердің арасында мықты болып жүру — жайлылық.

Өзіңнен әлсіздердің арасында болу— өзіңді биік сезінудің ең оңай жолы.
Бірақ бұл — өсу емес ☝🏻💯

Сенің деңгейіңді сенен төмен тұрғандар емес, сен әлі жетпеген адамдар анықтайды.

Өзіңнен мықты адамның жанында өзіңнің әлсіз тұстарың анық көрінеді.
Дәл сол сәт — сенің өсу нүктең 💯☝🏻

Сондықтан өзіңнен мықтылардан қысылма.
Олардың жанында өзіңді әлсіз сезінсең де, сол орта сенің ойыңды, талабыңды, мүмкіндігіңді өсіреді.

Өзіңе жайлы ортаны емес, өзіңді жаңа деңгейге шығаратын ортаны таңда.

Өйткені биікке шығу үшін өзіңді биік сезіну емес, өзіңнен биікті көре білу маңызды.

Қорқынышыңның шырмауына байланғанша, ерінбе, өс, дамы, әрекет ет, денең мен санаңды тәртіпке алып кел.

СЕН ӨЗ ӨМІРІҢНІҢ АВТОРЫСЫҢ! 🌹🫶🏻

19/07/2026

Соңғы кезде ештеңеге зауқың жоқ па?

Таңертең шаршап оянасың. Көңіл-күйің тұрақсыз. Алға қадам жасағың келеді, бірақ бір нәрсе ұстап тұрғандай сезінесің.

Көп адам мұны жай ғана шаршау деп ойлайды.

Күшің жоқ.
Көңіл- күйің тұрақсыз.
Жоспар көп, бірақ әрекет жоқ.
Бәрі тоқтап қалғандай сезім кетпейді.

Көп жағдайда мәселе сыртқы проблемаларда емес, сіздің ішкі күйіңізде болады.

Ішіңізде қорқыныш, реніш, күйзеліс жиналған сайын денеде де энергетикалық блоктар көбейеді. Соның әсерінен адам шаршайды, ештеңеге қызықпайды, өз мүмкіндігін де пайдалана алмай қалып қалады.

Пранатерапия – осы блоктарды босатып, дене мен ішкі күйді жеңілдетуге 💯 көмектесетін терапия.

Адамның ішкі күйі өзгергенде, өмірге деген көзқарасы өзгереді.

Өзгеріске ашық болады. Әрекет ету жеңілдейді. Өзін бағалай бастайды.

Ал адам бойындағы энергиясы өзгерген сайын, өміріндегі мүмкіндіктер де өзгере бастайды.

Себебі өмір ең алдымен сіздің ішкі күйіңізге жауап береді.

Егер сіз де соңғы уақытта өміріңіз бір орында тұрғандай сезінсеңіз, өзгерісті Прана терапиясынан бастаңыз.

💰 Бағасы: 50 000 теңге

Бұл жай ғана терапия емес. Бұл – өзіңе қайта оралатын, ішкі күйіңді жеңілдетіп, жаңа энергиямен өмірге қадам басатын мүмкінд�

10/07/2026

Өміріңіз өзгеріссіз, бір орында тоқтап қалғандай сезінесіз бе? 🆘

Қанша тырыссаңыз да, бәрі бұрынғыдай қайталанып жатыр ма?

Көп жағдайда қиындықтар сыртқы жағдайда емес, адамның ішкі күйі мен бойындағы энергиясына тікелей байланысты.

Себебі адамның әрекет етуі, шешім қабылдауы, жаңа мүмкіндіктерді көруі – бәрі оның бойындағы жоғары, позитивті энергиясына байланысты.

Энергия төмен болса, күмән көбейеді, қорқыныш басым болады, ештеңеге құлшыныс болмайды, адам бір орында қалып қоя береді. Ал энергия көтерілген сайын ой өзгереді, шешім шығады, әрекет басталады. Әрекет өзгерген жерде, өмір де өзгере бастайды.

Сондықтан өміріңізге жаңа өзгеріс енгізгіңіз келсе, ең алдымен энергияңыз бен ішкі күйіңізге мән беріңіз.

💚 Өзіңізге бір күн сыйлаңыз…

Қаланың у-шуынан алыстап, табиғат аясында бір күнді өзіңізге арнаңыз.

Жер-ананың қуатын сезініп, ішкі күйіңізге үйлесім мен тыныштық сыйлап, өзіңізбен терең жұмыс жасаңыз.

Кейде адамға өмірін басқа арнаға бұру үшін көптеген айлар емес, небәрі бір күн, 24 сағат жеткілікті болады.

Мен сізді бір күндік ретритке шақырамын.

Бұл жай ғана демалыс емес. Бұл – өзіңізді қайта естуге, ішкі энергияңызды қалпына келтіруге, ойыңызды реттеуге және өміріңіз

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Taraz?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address

Taraz
080000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when gaziza.omarova posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Subscribe

We will notify you when anything happens in Taraz.