Qazaq Kitap UB

Qazaq Kitap UB

Share

🇰🇿Қазақстан ➡️ Моңғолия🇲🇳

Тұрақты тапсырыс қабылдаймыз📚
Дайын кітаптарда сатамыз📖

07/07/2026

Өзіңе адал бол, басқаға еліктеймін десең жар түбіне құлайсың. Басты мақсат - табиғи болмысыңды сақтау. Ойың да,әрекетің де өзіңдікі болсын. Өзіңіздің ең шынайы болмысыңызды табыңыз. Соны қабылдаңыз. Қолдаңыз. Жақсы көріңіз. Сол болмысты сақтап қалу үшін жұмыс істеңіз. Біреулер сізге күліп, мазақ етуі мүмкін, оларға мән бермеңіз. Өсек-аян қызғаныштан туады. Басыңды тік ұста. Төзімді бол…

“ТҮН ОРТАСЫНДАҒЫ КІТАПХАНА”📚

07/07/2026

«Арманына батыл ұмтылса, арманындағы өмірді сүруге тырысса, басқаларға бұйырмаған бақыттың дәмін татады».

07/07/2026

📚 «Абай жолы» романының I, II, III, IV томдары жинағымен толық.
📖«Абай жолы» - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген М.Әуезовтің әлемге әйгілі еңбегі.

07/07/2026

Халықтың кемеліне жетіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек.

Шоқан Уәлиханов

Photos from Qazaq Kitap UB's post 07/07/2026

📚 “Ұшқан ұя” – Бауыржан Момышұлы
«Ұшқан ұя» – қазақ әдебиетіндегі тәрбиелік мәні зор, өмірбаяндық шығарма. Бұл кітапта қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз балалық шағын, ата-анасы мен әжесі Зере, туған ауылы, ұлттық салт-дәстүр мен тәлім-тәрбие жайлы сыр шертеді.
🌿 Негізгі идеясы:
Отбасы – адам тәрбиесінің алтын бесігі. Үлкенді құрметтеу, елді сүю, адалдық, еңбекқорлық, батылдық пен адамгершілік қасиеттері бала бойына туған шаңырақтан дариды.
✨ Неліктен оқу керек?
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін танисыз;
Ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтарының маңызын түсінесіз;
Батыр тұлғаның балалық шағы арқылы өмірлік өнеге аласыз.
📖 Дәйексөз:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.»

Photos from Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов кітапханасы's post 30/06/2026
07/06/2026

Кейде өмірімізге күтпеген жерден, тосыннан адамдар еніп жатады. Олар - біздің бағымыз да, сорымыз болуы да мүмкін. Тағдырдың берген сыйы ма әлде сынағы, тіпті жазасы ма - оны бірден ұғыну қиын. Ең бастысы - сол адамдарды біз қалай қабылдай аламыз, мәселе осында. Сен қандай адам болсаң саған өзің секілді адамдар жолығады. Сол сияқты, егер бұл жаза болса, сен де мінсіз жан емессің. Ешкімді жазғырудың қажеті жоқ - ең алдымен, бар кінәні өз бойымыздан іздеп, соны түзете білуміз керек.

"Қарғысталған көше" кітабынан📚

07/06/2026

Қуанышың аз уақытқа созылсын десең - кек ал.
Ал мәңгі сүйіндірсін десең - кешір.

07/06/2026

Өмірде біз бәріміз қателесеміз. Бірақ кешірім арқылы біз тек қателіктерімізді емес, жүрегімізді де тазартамыз.

“Кешірдім” 📚

07/06/2026

“Алла ешкімге шамасынан тыс нәрсені жүктемейді”-делінген. Бұған толықтай сен, себебі Алла бұтаққа көтере алмайтын жемісті бермейді. Алла саған жауапкершілік жүктесе демек сен оны көтеруге қауқарлысың. Әр адам өз жанының дәрігері. Ол өз қалауымен емделуге шешім қабылдамайынша дертіне шипа таппайды.

📚”Кешірдім” кітабынан

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Ulaanbaatar?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address

Ub Suhbaatar Duureg
Ulaanbaatar