KaiyrkhanBay
Народный целитель. Исцеление молитвами и водолечение.
26/12/2022
13/12/2022
Тоқаев елде күн көру қиындай түскенін мойындап, үкіметті отставкаға жіберу ойы барын білдірді Президент Қ.Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет биыл еліміз тап болған сын-қатерлерге қарсы тиімді жұмыс істей алмағанын айтып, министрлер кабинетін о...
08/12/2022
Ағзадағы тұзды ерітетін сусындар
Түсінікті нәрсе: ағзаға құм, тұз бен тас өзіміз ішіп-жейтін азықпен келеді. Ал тұзды ерітетін – су. Егер оған емдік өсімдік қоссаңыз, көздеген нәтижеге жетеріңіз хақ. Осындай бірнеше емдік шай түрін біле жүріңіз.
☕️🫖 1. Күнбағыс тамыры қосылған шай. Мұны көп мөлшерде, бір ай үздіксіз қабылдау керек. Ол баяу әсер етеді. Тұз тек 2 аптадан кейін ғана шыға бастайды. Оны зәр түсінен және ыдыс түбіндегі қалдықтан байқауға болады.
Дайындау әдісі мынадай: 3 литр қайнаған суға шамамен 1 стакан күнбағыс тамырын салыңыз. Баяу отта 1-2 минут қайнатыңыз. Шамамен 20 минут тұндырып, сүзіп алады. Бұл шайды 2 күнде ішіп (жылы күйінде) тауысыңыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал алғаш қайнатқан тамырды екінші рет қолдануға болады, бірақ бұл жолы 5 минут қайнатқаныңыз жөн.
Ескерту: күнбағыс шайын тұтыну кезінде, ащы және тұзды тағамдар жемеңіз. Квас және сірке суын да қолдануға болмайды. Тағамның құрамында тұздың мөлшері орташа болуы тиіс.
Шайды тұтынудың алғашқы күндері ауырсыну сезімдері болуы мүмкін. Ол құмның бүйрек пен қуық жолы бойымен қозғалу салдарынан туындайды. Бұл жағдайда ауырсынуды басатын дәрі, мысалы, но-шпа қолдануға болады.
☕️🫖 2. Тасжарғаннан (камнеломка) жасалған шай. Бұл шай ағзадағы тасты уатады, тұзды ерітеді және шығарады. Сонымен бірге зат алмасуды түзейді және ағзаны артық қалдықтардан тазартады.
Дайындау әдісі мынадай: 3 ас қасық майдалау етіп туралған тасжарған шөбіне 0,5 литр қайнаған су құйыңыз. Сүзіп алып, 1 стаканнан күніне 2 рет ішіп тұрыңыз. Оны 20-25 күн жалғастыру керек.
☕️🫖 3. Аскөк тұқымы қосылған шай. 2 ас қасық аскөк (укроп) тұқымына 2 стакан қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут ұстаңыз. Сүзіп алып, жылы тұнбаны жарты стаканнан күніне 4 рет, астан 15 минут бұрын ішіңіз.
☕️🫖 4. Қара тұрып шырыны. Тұрыптың (редька) бұл түрінің шипалық қасиеті мол екені ежелден белгілі. Оны ағзада жиналған артық тұздан құтылу үшін де қолдануға болады. Мәселен, тұрыпты жақсылап жуып, шырынсыққыштан өткізіп, шырынын алыңыз. Оны күніне 3 рет, 1 ас қасықтан қабылдайды.
☕️🫖 5. Қызылша қайнатпасы. Шағын көлемдегі 4-5 қызылшаны төртбұрыштап турап, қайнап жатқан суға салыңыз. Қызылша әбден жұмсарып пісіп, ал су бал қосқан шырын секілді сәл қою болғанша қайнатасыз. Қызылшаны салатқа, асқа қолдана беріңіз. Ал дайын болған сусынды күніне 3 рет, жарты стаканнан қабылдайды.
☕️🫖 6. Итбүлдірген жапырағының тұнбасы. Ол әсіресе бүйрекке тас жиналғанда жақсы көмектеседі. Дайындау әдісі мынадай: бір уыс ұнтақталған шикізатқа 600-650 миллилитр су құйып, эмаль ыдыста 10 минут (баяу жанып тұрған отта) қайнатыңыз. Содан соң сүзіп алып, үшке бөліп, күніне 3 рет ішеді. Әр жолы жаңадан әзірлей отырып, емді 21 күн жалғастыру керек. Итбүлдірген жапырағының қайнатпасы бауыр ауырған жағдай да көмектеседі.
Аталған сусын түрлері бүйрек пен қуық жолдарындағы тас пен тұзды ерітеді, әрі шығарады. Бұл қауіпсіз, табиғи ем түрі саналады. Әйткенмен алдымен УЗИ-ге түсіп, тас мөлшерін біліп алған абзал. Егер 1 сантиметрден үлкен бірнеше тас болған жағдайда тәуекел етпеген жөн.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
#денсаулық #здоровье #рецепт
#халықемі #анемия #целитель
#емші #дауа #гипертония
#шипа #лечение #пайдалы
03/12/2022
Жұмыртқамен емделудің бес жолы
Жұмыртқа тез дайындалатын жүрек жалғайтын ас қана емес, дұрыс қолдансаңыз тиімді дәрі де бола алады. Ал амалы мынадай:
🥚 1. Жөтелге қарсы: 2 жұмыртқаның сарысын 2 ас қасық сары маймен араластырады. Оған 1 шай қасық ұн, 2 шай қасық бал қосыңыз. Қоймалжың қоспаны 1 шай қасықтан, күніне 3-4 рет қабылдайды. Емеу курсы – 7-10 күн.
🥚 2. Күйікке қарсы: 3 дана жұмыртқаны суға қайнату арқылы пісіріп, сосын сары уызын алыңыз. Оны баяу отта қыздырылған тапада қуырады. Сары уыз қарайып, резина сияқты созылатын массаға айналады. Аса қатты суымай жатып дененің күйген жеріне жақса, тез жазылады. Күніне 1-2 рет жасауға болады.
🥚 3. Созылмалы бронхит пен астмаға қарсы: 10 дана шикі жұмыртқаның қабығын кептіріп, әбден ұнтақтайды. Оған 10 лимонның шырынын сығып, қосады. Араластырып, бетін жауып, 10 күнге қараңғы жерге қояды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сосын дәкемен сүзіп алады.
Енді 10 дана жұмыртқаның сарысын алып, оған 10 ас қасық шекер қосып, ерігенше араластырады. Оны 0,5 литрлік коньякқа қосу керек. Жаңағы жұмыртқа қабығы мен лимон шырыны аралас қоспаны да осы коньякқа қосып, біркелкі болғанша жақсылап араластыру керек. Дәрі дайын. Мұны күніне 3 рет, астан жарты сағат бұрын, 1 ас қасықтанішеді. Таусылған соң бір жеті демалып, емді тағы бір рет жалғастыруға болады.
🥚 4. Суықтау мен тұмауға қарсы: жарты литр ыстықтау сүтке 1 дана жұмыртқа, 1 ас қасық бал мен осынша сары май қосып, жақсылап араластырыңыз. Мұны түнге қарай – ұйқы алдында әзірлеп, ішкен жақсы. Сосынжылы оранып жатыңыз. Таңертең мұрынның бітуі, бастың солқылдап ауыруы мен тамақтың жыбырлауынан түк те қалмайды.
🥚 5. Буын ауруына қарсы: шағын кастрюльге 1 стакан рафинадталған өсімдік майы, сіріңке қорабының көлеміндей балауыз салып, баяу отқа қояды. Балауыз ерігенше қозғап тұру керек.
Бұл арада піскен жұмыртқаның сарысын алып, жартысын шанышқымен жақсылап езу керек. Оның бір шым-шым бөлігін қайнап тұрған кастрюльге салады. Осылай аз-аздан қоса отырып, май мен жұмыртқа сарысы біркелкі болғанша араластырып тұрады. Сосын отты өшіріп, әбден суығанша қалдырасыз. Бұл қоспаны капронмен (дәкемен сүзуге болмайды) сүзіп алады. Ауыратын буындарға жағып, сыртынан жылы орап қою керек. Компресс кемінде 2 сағат тұруы тиіс. Одан кейін салқынға шықпау үшін мұны мейлінше кешке, ұйқы алдында істеген жақсы. Мазь таусылғанша арасын үзбей, күнде кешке жасау керек. Ал қоспаны беті жабық шыны ыдыста 10 айға дейін сақтауға болады.
Жұмыртқаның денсаулықты түзеуге осындай да көмегі бар.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
#денсаулық #здоровье #рецепт
#халықемі #анемия #целитель
#емші #дауа #гипертония
#шипа #лечение #пайдалы
18/11/2022
Боза буын ауруын да басады
Қазір көп адам суықтап, тұмауратып ауырып жүр. Менің де таныс-туыстарымның арасында мұрны пысылдап, тамағы жыбырлап жүргендер көп. Суықта буын ауруы үдеген құрдастарым жеткілікті. Мен оларға дәрі орнына боза іш деп кеңес беремін. Өйткені боза сусын ғана емес, керемет ем.
Дәнді дақылдардан ашытып жасалатын бозаның буын ауруларына, тұз жиналуына қарсы ем. Асқазаны ауыратын, ас қорытуы қиын адамдар оны күніне аз мөлшерде ішіп жүрсе, тезірек жазылады. Себебі құрамында ферменттер көп, ол асқазанға залалы мол бактерияларға қарсы күреседі.
Бір құрдасым бар, қырыққа келсе де бойына шыр бітпей қойды. Әйтпесе асты қай-қайсымызбен де тең жейтін-ақ жан. Асқазанында ма, ішегінде ме, кілтипан бар көрінеді. Мен соны боза ішуге үйреттім. Күніне жарты кесе ғана ішеді. Кейін бір кесені тауысатын болды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Соған үйреніп алған соң алдыңғы жылы қыс бойы боза ішуге бірге баратын едік. Келесі жылдан бастап сол досым аздап толысып, реңі кіріп қалды.
Қазір екінің бірінде қаназдық бар. Бұған қарсы да боза іш дер едім. Бозаның қоректік қасиетінің күштілігі сонша, ол ағзадағы зат алмасуды күшейтіп, қандағы қалдықтарды айдап шығарады. (Ал медицинада қанды тазалау өте қиын). Қан тазаланған соң жаңа түйіршіктер түзіліп, анемиядан дәрі ішпей-ақ айығатыныңыз анық.
Кейбіреу бозаны спиртті сусын санайды. Рас, оның құрамында спирт бар. Бірақ ол өте аз мөлшерде, ағзаға залалы жоқ. Мұны тағамтанушылар да мойындаған. Бозаны әзірлеу технологиясы мен құрамына мән берген олар емдік-тағамдық құндылығын жоққа шығармайды. Себебі бұл сусын жаңа өніп келе жатқан дәннен дайындалады. Ал жаңа өніп келе жатқан дәннің денсаулыққа шипасы мол.
Әйткенмен бозаны бүйрегіне тас, тұз жиналған адамдар абайлап ішуі керек. Күніне 50-100 грамнан ғана ішіп үйренгені жөн. Үйренген соң да мөлшерін 300 грамнан асырмағаны дұрыс. Ал 3 жастан асқан балаларға 5 ас қасықтан артық ішкізуге болмайды. Айтпақшы, боза бауыры ауыратын адамдар үшін де емдік сусын бола алады.
Мен өзім жылда күн суытқаннан көктем келгенше күніне бір немесе екі кесе боза ішуді әдет еткенмін. Суықтап ауыра қоймайтыным, тұмауды тез жеңетінім соның арқасы деп ойлаймын.
Талғат АҚТАЕВ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
#денсаулық #здоровье #артрит
#фитотерапия #Шөппенемдеу
#шипа #дауа #халықемі #остеохондроз
#емші #целитель #демсалу #жолашу
Всем хорошего дня друзья
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
070016
Öskemen
070016
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 21:00 |
| Tuesday | 09:00 - 21:00 |
| Wednesday | 09:00 - 21:00 |
| Thursday | 09:00 - 21:00 |